"Жасөспірімдердің жағдайы бақылауда": Облыс әкімінің орынбасарлары Меркіге барды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 12:51
- 1
Аурудың себептерін анықтау мақсатында науқастардан және тағам өнімдерінен зертханалық сараптамалар алынған, қазіргі таңда қорытындысы күтілуде. Аталған жағдай бойынша облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Сонымен қатар бұл факті 2026 жылғы 21 қаңтарда Меркі аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, құзырлы органның тексеру қорытындысы негізінде тиісті процестік шешім қабылданатын болады.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес оқиға орнына облыс әкімінің орынбасарлары Айжан Есмағамбетова мен Серік Сәлемов барып, жедел штаб отырысын өткізді.
Балалар медициналық бақылауға алынған, тиісті органдар тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Айта кетейік, аталған демалыс орнында барлығы 103 жас спортшы мен 13 жаттықтырушы қоныстанған. Ауруханаға жүгінген науқастардың жағдайы жеңіл дәрежеде, денсаулықтары қалыпты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Демалыс орнындағы басқа балаларға медициналық тексеру жүргізілді, ауру белгілері анықталған жоқ, профилактикалық шаралар жалғасуда.
Ұқсас жаңалықтар
Боран болуы мүмкін: Жамбылда дауылды ескерту жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 21 қаңтар, 2026
Жамбыл ауданында төртінші «Жас сақшы» сыныбы ашылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 қаңтар, 2026





