Жастарға жол көрсеткен кездесу: кәсіби даму және жобалар
- авторБақытжан Бекболат
- 20 ақпан, 2026
- 1
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы жанындағы Жастар ресурстық орталығы бірлесіп «Кәсіп – игергендікі, жұмыс – еңбектенгендікі» кітапханалық жоба аясында «Жастардың кәсіби дамуына арналған мүмкіндіктер мен жобалар» тақырыбында кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесуде Қазақстан студенттерінің Альянсы төрағасы Байпақ Дархан ұйымның қызметі мен жүзеге асырып жатқан жобаларын таныстырды. Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығының директоры Кадралиев Айбек Амансейітұлы өңір жастарына арналған бағдарламалар туралы ақпарат берді.
Іс-шара барысында жастар өзара пікір алмасып, кәсіби даму мүмкіндіктері жайында мағлұмат алды. Еркін форматта өткен кездесу жастардың өзара тәжірибе бөлісуіне, жаңа мүмкіндіктер туралы ақпарат алуына және болашақ жоспарларын айқындауына оң ықпал етті.

