Жеңіл өнеркәсіптегі басты кәсіпорын – «ТаразКожОбувь» ЖШС
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 тамыз, 2025
- 370
Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен шамалас болып отыр. Дегенмен нақты көлем индексі 95,5 пайызды құрап, салада аздаған төмендеу байқалды. Өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы жеңіл өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 1 пайызды ғана құрады.
Өңірде жеңіл өнеркәсіп бағытында былғары және аяқ киім өндірісі, тоқыма бұйымдары мен киім тігу салалары дамып келеді. Бұл бағыттағы кәсіпорындар аймақ тұрғындарының сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, өз өнімдерін көрші облыстарға да жеткізіп отыр.
Саланың негізгі кәсіпорындарының бірі – «ТаразКожОбувь» ЖШС. Бұл зауыттың қызметі теріден бұйымдар өндіру мен былғары аяқ киімнің кең ассортиментін тігумен байланысты. Кәсіпорын өнімдерінің сапасы мен қолжетімділігі арқасында нарықта өз орнын сақтап келеді.
Жалпы саладағы өндіріс көлемінің артуы немесе азаюы тұтынушы тарапынан түсетін тапсырыс пен сұранысқа тікелей байланысты. Сарапшылардың айтуынша, жеңіл өнеркәсіптің әлеуетін арттыру үшін ішкі нарықты қолдау, шағын кәсіпорындарды дамыту және отандық өнімге сұранысты күшейту маңызды болмақ.




