Жеңістің 80 жылдығы: Көлтоғанда Даңқ алаңы ашылды
- авторБақытжан Бекболат
- 10 мамыр, 2025
- 730

Алаңның ашылу рәсімінде Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза бастаған топ соғыс құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен тағзым етті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өз сөзінде аудан басшысы бұл ескерткіштің болашақ ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап өтіп, туған ауылға қамқорлық танытып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, Көлтоғаннан шыққан елге жанашыр азаматтардың бірлігі мен ұйымшылдығы – көпке үлгі екенін айтты.
Шараға қатысқан әрбір сөз сөйлеуші, ел игілігі жолындағы осындай елеулі іске атсалысқан азаматтарға шынайы ризашылығын білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Мерекелік жиын ауыл өнерпаздарының қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласып, Жеңіс күні мерекесін ерекше сәнге бөледі.