сенбі, 23 қараша, 2024 6:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жедел «Көмек-103» – жұртқа керек ізгі іс

Жедел «Көмек-103» – жұртқа керек ізгі іс
ашық дереккөзі
Жедел «Көмек-103» – жұртқа керек ізгі іс

Жаппай жүргізіліп жатқан цифрландыру бағдарламасының енгізілуі - өңір­дегі  медициналық қыз­мет көрсету саласының жұ­мысын же­ңілдетіп қана қоймай, тұрғындардың денсаулығын сақ­тауға жаңаша серпін қосты.

Облыс аумағында 1 станса, 3 қосалқы станса және 11 жедел медициналық жәрдем бөлімшесі қызмет көрсетеді. Өңірде 273 елді мекен – жедел  жәрдем көмегімен қамтылған болса, 99 – ауыл  қамтылмаған.

Тараз қаласының жедел медициналық жәрдем станса диспетчерлік қызметі «Көмек» автоматты басқару жүйесімен жабдықталып, санитарлық автокөліктердің GPS-навигациясымен біріктірілген. Бұл науқасқа жету уақытын барынша қысқартып, қозғалыс бағытын автоматты түрде таңдауға мүмкіндік береді. «Көмек» автоматты басқару жүйесі Тараз қаласының емханаларымен орталықтандырылған.

«Көмек-103» бағдарламасы оңай, әрі оңтайлы жұмыс істейді. Облыстағы барлық жедел жәрдем қызметі автоматтандырылған ор­­талыққа қосылып, қоңырау қа­­былдау желісі арнайы алго­ритм бойынша реттеледі. Қазір облыстың қала мен аудан орта­лықтарынан бөлек, ауылдарда да жедел жәрдем стансасына түс­кен телефон қоңырауына 20 секундтан 1 минут аралығында жауап беріліп, көмекке мұқтаж адамның жағдайы туралы дәс­түрлі сұрақ қойылады. Ол нау­қастың дене қызуы, ауру барысы жайлы қарапайым сауалдардан тұрады. Осы ара­лықта бағдарлама кезекшісі жедел жәрдем көлігіндегі дәрі­гердің теле­фонына шақырту түскен нау­қастың жағдайы мен көрсетілетін көмектің барысы туралы SMS хабарлама жолдап, тиісті нұсқау беріп үлгереді және цифрлы жү­йе тіркелген науқас тарихын жедел сараптап, көрсетілетін кө­мектің санатын автоматты түрде анықтайды да, ең жақын маңдағы ауруханаға хабар жібереді.

Жыл басынан бері облыстық жедел жәрдем қызметінің орталығына 44 мыңнан аса шақырту түскен. Аймақ бойынша қазір 91 медициналық жедел жәрдем тобы қызмет атқаруда. Орталыққа қоңырау шалған  адам үшін – ең  бастысы науқастың жағдайын дәл сипаттап, қай санатқа жататындағын дұрыс анықтау. Жедел жәрдем шақыру – науқастың  ауру сипатына қарай бөлініп,  жеделдігі де соған орай  топтастырылады: 1 санат - науқастың жағдайы  өмірге тікелей қауіп төндіргенде және шұғыл  медициналық көмекке мұқтаж болғанда; Мұндай жағдайда бригаданың келу уақыты - 10 минутқа дейін, 2 санат - науқастың өміріне қауіп төнуі ықтимал  жағдайда бригаданың келу уақыты 15 минутқа дейін; 3 санат - науқастың денсаулығына зиян келуі мүмкін жағдайда бригаданың келу уақыты 30 минутқа дейін; 4 санат - науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнбеген  кезде,  яғни жағдайы өткір немесе созылмалы аурудың шиеленісуіне, ағзалары мен жүйелердің кенеттен және анық бұзылыстан туындаған кезде бригаданың келу уақыты 60 минутқа дейін созылады. Сонымен қатар, алғашқы 3 санатты жедел жәрдем станциясы, ал төртіншісіне - емханалардағы шұғыл медициналық бөлімдер деңгейінде көрсетіледі.  Осылайша, емханалардағы жедел жәрдем орталықтары  шақыруды тәулік бойы 24 сағат бойы  қабылдайды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар