дүйсенбі, 25 қараша, 2024 4:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жедел жәрдем көліктері GPS-навигациясымен жабдықталуда

Жедел жәрдем көліктері GPS-навигациясымен жабдықталуда
ашық дереккөзі
Жедел жәрдем көліктері GPS-навигациясымен жабдықталуда
Биыл өңірдегі емдеу алдын-алу ұйымдарына 120 дана медициналық құрал-жабдық сатып алынады және барлық жедел жәрдем көліктері GPS-навигациясымен жабдықталады. «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында денсаулық сақтау саласына қатысты 12 тармақ бар. Аталған тармақтардың аясында тұрғындардың денсаулығын жақсарту, медициналық мекемелерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, мобильді топ құру, дәрігерлердің біліктілігін арттыру сияқты бірқатар жобалар қолға алынған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов баяндады. Аталған жол картасындағы 65-тармақ бойынша 2018 жылы Тараз қаласында 200 орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы басталды. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Шілде айында пайдалануға берілмек. Короновирус індетіне байланысты 69-тармақ бойынша өңірде халыққа үйде медициналық қызмет көрсету, оның ішінде дәрілік заттарды жеткізу үшін медициналық санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдары жанынан 214 ұтқыр әмбебап (мобильді) бригадалар ұйымдастырылып, жұмыс атқарылуда. - Аталған жол картасында медициналық мекемелерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге де көңіл бөлінген. Бұл бағытта бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, емдеу алдын-алу ұйымдарына 120 дана медициналық құрал-жабдық сатып алу жоспарға енді. 2021 жылдың 1 тоқсанда 720 бүлдіршінді балаларға арналған және емдік тағамдардың мамандандырылған өнімдерімен қамтамасыз ету қажет болса, 534-і қамтамасыз етілді, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Саттарқұлұы. Сонымен қатар, аймақтағы барлық жедел жәрдем көліктері GPS-навигациясымен жабдықталуда екендігін, GPS - навигациямен біріктірілген "КӨМЕК" автоматтандырылған басқару жүйесі орнатылғанын да атап өтті.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар