дүйсенбі, 25 қараша, 2024 7:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жер шарын 14 рет айналған көлік

Жер шарын 14 рет айналған көлік
ашық дереккөзі
Жер шарын 14 рет айналған көлік
Моңғол елінің батыс ше­бінде қанат жайған қазақ­тар соңғы екі ғасырдан бері мызғымай мекен етіп келе жатқан Бай-Өлке дейтін аймақ бар. Мұнда қойын құрттап, айранын ұрттап, жаймашуақ жат­қан жұрттың өзіне тән тарихы бар.
Айталық, Өлгей қала­шы­ғының оңтүстік бүйірі Бөкен тау­дың етегінде бұрынғы 21-ші автобаза орналасқан аумақ­­­та кеңестік Горький атын­­дағы автомобиль зауытының өні­мі «ГАЗ-51» маркалы маши­на­сы ескерткіш болып тұ­ғыр­да тұр (суретте). Бұл машинаның ерекшелігі – кезекті күрделі жөндеу көрмей-ақ 875 мың шақырым жолды жүріп өткен. Бұл Жер шарын 14 дүркін айналып шыққанмен тең екен. Аталған көлікті тізгін­деген 1931 жылы туған Чоя Сар­қын­байұлы алғаш 1965 жылы бұл машинаға отырған. Содан 1979 жылға дейін тоқтамай шап­қы­лап, осы аралықта мемлекетке 349,8 мың төгрөгтің пайдасын кел­тіріп, бір өзі «ГАЗ-51» маркалы 26 машинаның жұмысын ат­­қарған. Нәтижесінде, Чоя аға­­мызға Моңғол елі 1980 жы­лы Еңбек Ері атағын беріпті. Жа­рықтық 2000 жылы Бай-Өлке ай­мағында дүниеден өтіпті.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар