жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 2:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жерасты суларын тиімді пайдалану қажет

Жерасты суларын тиімді пайдалану қажет
ашық дереккөзі
Жерасты суларын тиімді пайдалану қажет
– Биыл ауа-райының ерекшелігіне байланысты судан біраз таршылық көргеніміз жасырын емес. Бұл орайда, жерүсті және  жерасты суларын тиімді пайдалану жайы – басты назарда. Жамбыл облысы суармалы су мәселесінде көрші Қырғыз Республикасынан келетін су көздеріне көбірек иек артады. Жуырда ғана осы жағдайға байланысты көрші елге арнайы барып, мән-жайға қанығып қайттық. Қазіргі таңда «Киров» су қоймасындағы жиналған судың қоры ауыз толтырып айтарлықтай емес. Дегенмен, олар мүмкіндігінше су жіберуде. Біз де өз кезегімізде бар суды үнемдеп,  арнайы кесте құрып, кезекпен пайдалансақ, мәселе туындамайды деп ойлаймын. Осы орайда мен аудандарды аралап, диқандармен кездесіп, барынша түсіндірдім. Қызылша, жоңышқаны ылғалмен қамту бойынша жұмыстар жүргізуге тиіспіз, - деді облыс әкімі ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтудың жайы қаралған кезекті аппараттық кеңесте. Басқарма басшысы Қайрат Амановтың айтуынша облыста 106 су қоймасы бар. Олардың жобалық сыйымдылығы 132,447 миллион текше метр. 4325,2 шақырым ұзындықтағы 773 каналға 207,8 мың гектар алқап бекітілген. Сол 773 каналдың 306-сы жөндеуді қажет етеді. Ғылыми зерттеу институттарымен Меморандум жасалып жер асты суларын зерделеу жұмыстары да жүргізілуде. - Облысымызда тәулігіне қайта қалпына келетін 4 млн 464,49 мың текше метрді құрайтын су қоры бар. Бұл ретте 120 күндік вегетациялық кезеңде 535 млн. текше метрді құрайтын су көлемімен қамтуға болады. Жер үсті су тапшылығы бар аудандар жер асты суының потенциалын толығымен пайдалануы қажет. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында 1706 ұңғыма бар. Оның 1458 мал шаруашылығы, 248 егін шаруашылығы мақсатындағы ұңғымалар.  Ағымдағы жылы тиісті институттармен Меморандум жасалынып, жалпы 146 ұңғымаға зерттеу  жұмыстары жүргізілуде. Жер асты ұңғымалары есебінен қажетті су көлемінің 16,4 пайызын қамтиды. Нәтижесінде жетіспейтін 275 млн. текше метр су көлемін толығымен жер асты қорлары арқылы қамтамасыз ету ұсынылады, - деді Қайрат Аманов. – Жаңбыр аз жауды деп, қарап отыра алмаймыз. Су болса бәрі де болады. Сондықтан, жер асты суларын терең зерттеп тиімді пайдалану керекпіз. Оған қажетті қаржыны облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірге ақылдаса отырып, нақтылаңыздар, - деген Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға тапсырма жүктеді.      
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар