Жамбыл жаңалықтар
Жерлесіміздің кеудесінде - "Айбын" ордені
- авторjambylinfo.kz
- 30 қыркүйек, 2020
- 734
Жерлесіміздің кеудесінде - "Айбын" ордені
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 6 тамыздағы Жарлығымен Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін жерлесіміз, Жамбыл облыстық полиция департаменті жедел криминалистика басқармасының басшысы Берік Жақсылықұлы Сәлемов ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Жуырда ҚР Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант Ерлан Тұрғымбаевтың өзі арнайы келіп Берік Сәлемовтің омырауына ІІ дәрежелі «Айбын» ордені мен министрліктің арнайы тағайындаған медалін тақты.
18 жылдық еңбек өтілі бар жерлесіміз сақшылық жолын аудандық ішкі істер бөлімінен бастаған. Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектептің 1993 жылғы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 1999 жылғы, Қырғыз Республикасы мемлекеттік Заң академиясының 2007 жылғы түлегі, 44 жастағы Берік Жақсылықұлының омырауындағы бұрыннан бар «ҚРПБ Үздік қызметі үшін» төсбелгісі, ІІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан полициясына – 25 жыл» медальдарының қатарына қосылған бұл награда оның еңбегінің жоғары бағаланғанын көрсетсе керек.
Еліміздің өсіп-өркендеуі, тұрғындардың тыныштығы жолында қызмет етіп жүрген, полиция подполковнигі Берік Жақсылықұлына жерлестері құтты болсын айтады.
Дүйсенбек Орманов,
«Шұғыла»
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Өткен тәулікте Жамбылда COVID жұқтырғандар тіркелмеді
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025






