Жамбыл жаңалықтар
Жол-құрылыс материалдары нормативтік талаптарға сай емес
- авторjambylinfo.kz
- 30 қыркүйек, 2022
- 362
Жол-құрылыс материалдары нормативтік талаптарға сай емес
Жамбыл облысы бойынша «Ұлттық жол активтерінің сапасын арттыру орталығының» қызметкерлері 550-ден астам тексеру жұмыстарын жүргізіп, 1195 жол-құрылыс материалдарының үлгілері сынақтан өткізіп, нәтижесінде алынған сынаманың 107-і нормативтік талаптарға сәйкес еместігін анықтады. Сондай-ақ, нысандарды тексеру барысында 152 ақау бар екендігі белгілі болды. Ал өрескел 43 кемшіліктің 7-уі әлі күнге дейін түзетілмеген.
Жалпы, облыстың автожолдарын орташа жөндеу жұмыстарын сараптамадан өткізу мақсатында 8 жобаға 6 келісімшарт жасалды. Оның жалпы құны - 2,7 миллион теңгені құрайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз