Жол сапасына бақылау күшейтілді: 300-ден астам материал сынақтан өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 31 шілде, 2025
- 430
Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» жолдардың сапасын бақылаумен қатар, орташа жөндеу жұмыстарына арналған жобаларға сараптама жүргізіп, көліктік-пайдалану жағдайын анықтау жұмыстарын да атқаруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған орталықтың облыстық филиалы сапа және есеп бөлімінің басшысы Мадияр Мырзалимовтың айтуынша, 2025 жылдың шілде айында мамандар 91 нысанға 103 рет іссапармен шығып, 329 жол-құрылыс материалының сынамасын алған. Оның ішінде 247 материал зертханалық сынақтан өткізіліп, 66 үлгіде сәйкессіздік анықталған. Қалған 181 материал талапқа сай деп танылды.
– Инспекциялық шығу барысында жалпы 20 ақау тіркелді. Тиісті мәліметтер тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдарға ресми хат түрінде жолданды. Сонымен қатар біз жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған құжаттарға ведомстволық сараптама жүргіземіз. Шілде айында 8 жоба бойынша өтінім қабылданып, қазіргі таңда олар сараптамадан өтіп жатыр, – деді Мадияр Айбынұлы.
Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






