сейсенбі, 3 желтоқсан, 2024 23:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ерғали Әбуғали: АЭС салу - заман талабы

Ерғали Әбуғали: АЭС салу - заман талабы
Сурет: автордан
Бүгін Қазақстан халқына президент жолдауын жариялады

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ ЖОФ төрағасы Ерғали Әбуғали Мемлекет басшысының жолдауында бірқатар ел көкейінде жүрген мәселелер көтерілгенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазір ел экономикасын ілгерілету үшін жасалып жатқан тың жобалар баршылық. Бұл бойынша алдымен тұрғындардың табысын арттыру үшін «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда. «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ерғали Әбуғалидың сөзінше, президент жолдауында айтқан «Ауыл аманаты» жобасын кеңейту – халықтың әл-ауқатын көтерудің даңғыл жолы. Сонымен қатар, АЭС салу - еліміз үшін ең оңтайлы шешімнің бірі. 

  • Президент Жолдауында АЭС салу бойынша 6 - қазанда референдум өтетінін мәлімдеді. Халықпен санаса отырып осындай маңызды шешім қабылдау - дұрыс шешім. Бұл ел болашағы үшін жасалған маңызды қадам.Бір жағынан заман талабы.  Жалпы мұны жастар жағы қолдайды деп ойлаймын,- деді «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ ЖОФ төрағасы Ерғали Әбуғали.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар