Жуалы ауданында колледж студенттермен кездесу ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 18:31
- 71
Жуалы ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен колледж студенттермен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Жуалы ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен ауданда орналасқан "Жуалы колледжінің" студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, жастардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналды.
Кездесудің негізгі тақырыптары:
-Студенттердің құқықтық сауаттылығын және олардың заңнамадан хабардарлығын арттыру;
-Жастар арасындағы қылмыстардың алдын алу, оның ішінде алаяқтық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл;
-Азаматтардың құқықтарын қорғаудағы және білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасаудағы прокуратураның рөлі;
Шара аясында студенттер прокурорға еңбек құқықтарына, киберқауіпсіздікке және басқа да тақырыптарға қатысты жеке және өзекті сұрақтар қойды.



