жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалы жерінен табылған қыш құмыралар көне мәдениеттің куәсі

Жуалы жерінен табылған қыш құмыралар көне мәдениеттің куәсі
Ашық дереккөз
Күреңбел ауылдық округінің аумағындағы Төрткүлтөбе қалашығынан табылған көне тұрмыстық бұйымдардың ішінде қыш құмыралар ерекше орын алады. Олар халықтың күнделікті тұрмысын ғана емес, сол дәуірдің мәдениеті мен дүниетанымын айғақтайтын тарихи жәдігерлер.

Археологтардың қазба жұмыстары кезінде Теріс өзені, Қаратау бөктері мен Көлбастау маңындағы қоныстардан қыш ыдыстардың сынықтары мен бүтін құмыралар табылған. Олар сақ, үйсін, қаңлы тайпалары кезеңіне және ортағасырлық түркі заманынан қалған бұйымдар. Бұл құмыралар астық сақтау, су құю, ас әзірлеу және діни жоралғыларда қолданылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ортағасырлық Төрткүлтөбе қалашығынан табылған қыш құмыраларды аудандық тарихи-өлкетану мұражайынан көптеп кездестіруге болады. Соның ішінде Төрткүлтөбеден табылған қыш құмыралардың жасалу технологиясы ерекше назар аударады. Қыш құмыралар жергілікті табиғи саздан иленіп, қалыпқа салынып, арнайы пештерде күйдіріліп жасалған. Бұл әдіс құмыраның беріктігін арттырып қана қоймай, әсемдігін айшықтаған.

– Қыш құмыра – қазақ халқының тұрмысындағы қарапайым ыдыс қана емес, ол халықтың мәдениеті мен дәстүрін бейнелейтін жәдігер. Бұл құмыра – өз дәуірінің қолтаңбасы, өркениет пен тұрмыстың даму деңгейін айғақтайтын дерек.

Жуалыдан табылған қыш құмыралар – қазақ даласындағы көне өркениет пен тұрмыстық мәдениеттің нақты дәлелі. Олар халқымыздың қолөнерін, табиғатпен үндес өмірін паш етеді.

Музей қорындағы қыш құмыралар бүгінгі ұрпаққа ата-бабамыздың өмір салтын, өнерін, дүниетанымын таныстыратын баға жетпес мұра болып қала береді. Жуалы аудандық өлкетану музейінде осы өңірден табылған қыш құмыралардың бірнеше үлгісі сақтаулы. Олар қалың қабырғалы, түбі жалпақ, мойны биік болып келеді.

Қыш құмыралар – қазақ даласының көне тарихынан сыр шертетін бірегей жәдігерлер. Жуалы өңірінен және өзге де аймақтардан табылған қыш бұйымдар халқымыздың күнделікті өмірі мен қолөнер дәстүрін айқындайды.

Музей қорындағы бұл құнды бұйымдар ата-бабамыздың тұрмысын, өнерін бүгінгі ұрпаққа жеткізетін мәдени мұра, ұлттық тарихымыздың ажырамас бөлігі.

Бұл қыш құмыралар біздің музейде 30 жылдан бері сақталып келеді, – дейді аудандық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялық көрме ұйымдастыру жөніндегі нұсқаушысы Нұрғиса Абдрашев.

Музей қызметкерлерінің айтуынша, аудандық музейге келіп, Күреңбелден табылған қыш құмыраларды тамашалаушылардың қатары көп.

 

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар