жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалыда “Ауылым – алтын бесігім” өнер фестивалі өтті

Жуалыда “Ауылым – алтын бесігім” өнер фестивалі өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Шараны Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Жуалы ауданында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ауыл мәдениетінің дамуына серпін берген “Ауылым – алтын бесігім” өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Биылғы фестиваль Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналды.

Көкбастау ауылдық округінде “Салт-дәстүрім – қазынам” тақырыбымен өткен мерекелік кеш табиғат аясында ұйымдастырылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара барысында “Бауырсақ Party” тағамдық мерекесі, спорттық ойындар, қолөнер және кітап көрмелері, жастарға арналған би кеші, ұлттық салт-дәстүр көріністері және әсем ән-күйлер ұсынылды.

Фестиваль ауыл тұрғындарын бірлік пен татулыққа, өнер мен мәдениетті бағалауға шақырып, жас ұрпақтың бойына ата-баба мұрасын сіңірудің жарқын үлгісіне айналды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар