Жуалыда мәдениет пен өнер саласының үздіктері марапатталды
- авторБақытжан Бекболат
- 21 мамыр, 2025
- 839

Жуалы ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Салтанатты жиын барысында мәдениет пен өнер саласына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Анар Ахметова құттықтау сөз сөйлеп, сала қызметкерлерінің қоғамдағы маңызын атап өтіп, кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады.
Шара аясында аудандық кітапхана, музей, мәдениет үйлері мен клубтар жүйесінде қызмет ететін шығармашыл мамандардың жетістіктері паш етіліп, олардың еңбегі ел алдында жоғары бағаланды.
Мерекелік кеш соңы өнерпаздардың әсерлі концерттік бағдарламасымен жалғасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Google іздеу жүйесіне жасанды интеллект чатботын қосты
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында жасырын алтын өндірісі әшкереленді
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 маусым, 2025