жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалыда жаңа спорт және ойын алаңдары ашылды

Жуалыда жаңа спорт және ойын алаңдары ашылды
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жуалы ауданы, Ақсай ауылдық округіне қарасты Қайрат және Диқан ауылдарында маңызды әлеуметтік нысандар – кіші футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңшасы ресми түрде пайдалануға берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл жобалар ауыл жастары мен бүлдіршіндерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және бұқаралық спорт пен ойын мәдениетін дамытуға бағытталған.

Жобалардың тапсырыс берушісі – «Ақсай ауылдық округі әкімі аппараты» КММ. Қайрат ауылындағы кіші футбол алаңшасының құрылысын «ЖамбылСуБур» ЖШС, ал Диқан ауылындағы балалар ойын алаңшасының құрылысын «Cassat Constructions» ЖШС жүзеге асырды.

Ауданда халықты спорттық инфрақұрылыммен қамту деңгейі 74,1 пайызды құрап, қазіргі таңда 172 спорт нысаны жұмыс істейді. Олардың ішінде – 1 стадион, 3 спорт кешені, 12 футбол алаңы, 108 спорттық алаңша және 48 спорт залы бар. Биылғы жылы шорт-трек, шаңғы және самбо спорт түрлерінен жаңа секциялар ашылды.

2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын тұрғындар саны 22 566 адамды құрап, бұл жалпы халық санының 42,5 пайызын құрайды. Қазіргі таңда Көлтоған, Қарасаз және Нұрлыкент ауылдарында жаңа спорт кешендерінің құрылысы жүргізілуде.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар