Жамбыл жаңалықтар
Жуалыда жасөспірімдер арасында дзюдодан облыс чемпионаты басталды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 қыркүйек, 2025
- 2.0k
Додаға облыстың 10 ауданынан және Тараз қаласынан 500-ден астам спортшы қатысуда.
Жуалы ауданында 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында дзюдодан Жамбыл облысының чемпионаты басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған жарысқа облыстың 10 ауданынан және Тараз қаласынан 500-ден астам жас спортшы қатысып, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Бұл облыс көлемінде дзюдо спортының қарқынды дамып келе жатқанын айғақтайды.

Аталған чемпионат екі күнге созылады. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, олар алдағы республикалық деңгейдегі додаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Ұйымдастырушылар турнирдің жоғары деңгейде өтуіне барлық жағдай жасалғанын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






