жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалыда жасы келгені үшін жұмыстан босатылған мұғалім сотта жеңіске жетті

Жуалыда жасы келгені үшін жұмыстан босатылған мұғалім сотта жеңіске жетті
Pixabay.com
Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданында жұмыстан шығарылған мектеп мұғалімі сотта жұмыс берушісіне қарсы істі ұтып алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Педагог 1991 жылдан бері бір мектепте еңбек еткен. 2024 жылдың желтоқсанында зейнет жасына толған ол оқу жылы аяқталғанша жұмысын жалғастыруды өтініп, директордың атына жазбаша арыз тапсырған. Алайда өтініші қаралмай, зейнеткерлік жасқа жетті деген себеппен жұмыстан босатылған.

Мұғалім бұл бұйрыққа қарсы сотқа шағым түсіріп, қызметіне қайта алуын, мәжбүрлі бос жүрген айларына жалақы төлеуді және моральдық зиянды өтеуді талап етті.

Сот материалдарын зерделегенде, мектеп әкімшілігінің әрекеті Еңбек кодексінің, ұжымдық шарттың және салалық келісімнің талаптарына қайшы екені анықталды. Жұмыс беруші еңбек шартын тоқтату туралы заңда белгіленген мерзімде ескерту бермеген, қызметкердің құқықтарын елемеген.

Нәтижесінде аудандық сот мұғалімді бұрынғы қызметіне қайтару, желтоқсаннан мамырға дейінгі аралықтағы жалақысы ретінде 2,1 млн теңге төлеу, 100 мың теңге моральдық өтемақы және адвокат шығынына 250 мың теңге өндіру туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, анықталған заңбұзушылықтардың қайталануына жол бермеу үшін аудандық білім бөліміне жеке ұйғарым жіберілді.

Мектеп директоры апелляция берсе де, облыстық сот алғашқы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар