жексенбі, 24 қараша, 2024 14:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Журналист, қоғам қайраткері Баттал Жаңабайұлының үйінде орнатылған мемориалды тақтаның ашылу рәсімі өтті

Журналист, қоғам қайраткері Баттал Жаңабайұлының үйінде орнатылған мемориалды тақтаның ашылу рәсімі өтті
Мемориалды тақтаның ашылу рәсімі. Коллаж - Ернар Балғабай
Бұл үйде қоғам қайраткері 52 жыл тұрған

Шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен облыстағы журналистиканың аға буын өкілдері, Баттал Жаңабаевтың туыстары мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Мемориалды тақтаның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген облыс әкімі Баттал Жаңабайұлының елге сіңірген еңбегін, журналистика саласында абыройлы қызмет еткенін ерекше атап өтті.

- Қазіргі «Ақ жол» газетін сонау 1958 жылғы «Сталиндік жолдан» «Еңбек туы» атауына ауыстырған Баттал ағамыз еді. Басылымды орталық алаңдағы Ш. Мұртаза атындағы «Баспасөз үйі» ғимаратына шоғырландырған да ағамыз еді. Жалпы Баттал Жаңабайұлы артында өнегелі із қалдырған. Көптеген шәкірттерді тәрбиелеп, «сөз құдыреті және жақсылардың шуағы» сында еңбектерді жарыққа шығарды,- деді Ербол Қарашөкеев. 

Шарада Елен Әлімжан, Жаңабай Миллионов, Көсемәлі Сәттібайұлы сынды бірқатар қаламгерлер нар тұлға жайында естеліктерімен бөлісіп, дара қасиеттерін өскелең буынға өнеге етті. Сонымен қатар, биыл қоғам қайраткерінің 95 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланып отырғандығы да айтылды. Ашылу рәсіміне Баттал Жаңабайұлының жары Фарида Алтаева да қатысты.

- Бұл жайға біз отбасымызбен қуанып отырмыз. Бір кездері осы облыста еткен еңбегі ескеріліп жатқаны жанды жадыратады. Еңбегі бағаланды. Баттал өмір бойы жұмыс істеді. Алғысым шексіз. Тек жақсылық тілеймін,- деді Фарида Алтаева. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар