дүйсенбі, 25 қараша, 2024 3:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 адам ақталып, 50-і кінәлі деп табылды: Қордай оқиғасы бойынша үкім шықты

1 адам ақталып, 50-і кінәлі деп табылды: Қордай оқиғасы бойынша үкім шықты
ашық дереккөзі
1 адам ақталып, 50-і кінәлі деп табылды: Қордай оқиғасы бойынша үкім шықты
Бүгін Жамбыл облысының Қордай ауданында болған оқиғаға қатысты сот үкімі шықты. Сот шешімі туралы өңір бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты. «Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік бойынша үкім шығарды. Өткен жылдың 7-8 ақпаны аралығында Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы, Бұлар-баты және Ауқатты ауылдарында жаппай тәртіпсіздік орын алып, салдарынан 10 азамат қаза тапты, тағы бір адам жанып жатқан ғимаратқа құлап, көз жұмды», - деді Б. Құлтасов. Сондай-ақ, спикер 158 азамат пен 20 полиция қызметкері жарақат алғанын жеткізді. Жаппай тәртіпсіздік кесірінен 156 тұрғын үй мен сауда нысандары, 102 автокөлік құралы бүлініп, меншік иелеріне келтірілген залал 829 млн 848 мың теңге болды. Жамбыл облысы Полиция департаментінің 10 автокөлігі зақымдалды. Мемлекетке 3 млн 291 мың теңге залал келтірілген. Берік Құлтасов, бұған дейін сот үкімі бойынша бұзақылық әрекеттермен денсаулыққа зиян келтіріп, билік өкілдеріне күш қолданғаны үшін 6 адам сотталғандығын жеткізді. Бүгінгі қылмыстық іс 2020 жылдың 8 желтоқсанынан биылғы 19 сәуірге дейін жүргізілді. Оған екі прокурор, 366 жәбірленуші және 16 жәбірленуші өкілі, 10 қорғаушы және 4 аудармашы қатысқан. «Іс бойынша 51 адам айыпталушы ретінде сотқа беріліп, оның ішінде 33-і қамауда, 18 адам жеке кепілдік және ешқайда кетпеу қолхаты бойынша ұсталған. Сотталушыларға түрлі соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген айыптар тағылды. Сот заң мен сот алдындағы теңдік принципін басшылыққа алып, жиналған дәлелдеме мен қылмыстық заңнамада көрсетілген жаза аясында келесі шешімдерді шығарды: 50 адамды кінәлі деп танып, бір адамның кінәсінің дәлелденбеуіне байланысты оны ақтады. Сотталушылардың кінәлары молекулярлық, сот-тергеу қорытындылары мен жасырын бейнебақылау дәлелдемелерімен толық дәлелденген», - деді Б. Құлтасов. Айта кетейік, 19 адамға бас бостандығынан айыру, 31 адамға шартты түрде немесе бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды. Ең ұзақ тағайындалған мерзім - 20 жыл. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар