Бүгін – Қарттар күні. Бұл күн 1990 жылы БҰҰ Бас ассамблеясында ресми бекітілген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Осы күндері елімізде 2,4 миллионнан астам қарт бар. Аталған мерекенің мақсаты – қарттардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеу, олардың мәселелері мен қажеттіліктеріне және өмір сапасын арттыруға назар аудару әрі қамқор болуды көздейді.
Жыл сайын аталған мереке күні құзырлы органдар және облыс, қала, аудан әкімдері қарттарды құттықтап жатады, түрлі форматта мерекелік шаралар ұйымдастырылып келеді.
Еліміздегі 79 белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қариялар бос уақыттарын өткізіп, сүйікті істерімен шұғылданады.
Халықаралық деңгейде аталып өтеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз