сәрсенбі, 16 сәуір, 2025 3:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 мамырдан бастап Өзбекстан бағытында жаңа әуе рейстері ашылады

1 мамырдан бастап Өзбекстан бағытында жаңа әуе рейстері ашылады
Shutterstock
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

1 мамырдан бастап қазақстандық QazaqAir әуекомпаниясы Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz  ҚР Көлік министрлігі сілтеме жасап.

"Биылғы жылдың 1 мамырынан бастап қазақстандық "QazaqAir" әуе компаниясы Астана – Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.

Рейстер аптасына 2 рет бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 42-ден 44-ке дейін артады", - делінген хабарламада.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар