жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 қыркүйек – ресми түрде демалыс күні болып бекітілді

1 қыркүйек – ресми түрде демалыс күні болып бекітілді
Фото: tvtver.ru
Заң бойынша мереке демалыс күнге сәйкес келсе, мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып саналады.

  Қазақстанда 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ретінде атап өтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Биыл бұл мереке сенбіге түсіп отыр. Осыған байланысты демалыс күні 30 тамыздан дүйсенбіге – яғни 1 қыркүйекке ауыстырылады.

Осылайша қазақстандықтар Конституция күніне орай келесідей демалатын болады:

•    Бес күндік жұмыс аптасымен – үш күн қатарынан: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);

•    Алты күндік жұмыс аптасымен – екі күн: 30 және 31 тамыз (сенбі, жексенбі).

Тамыз айындағы жұмыс және демалыс күндері:

•    Бес күндік жұмыс аптасында – 21 жұмыс күні және 10 демалыс күні;

•    Алты күндік жұмыс аптасында – 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар