жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 қыркүйектен бастап мектептерде буллингке қарсы бағдарлама іске қосылады

1 қыркүйектен бастап мектептерде буллингке қарсы бағдарлама іске қосылады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда алғаш рет барлық мектептер мен колледждерде балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг оқиғаларын азайтуға, білім беру ұйымдарында қауіпсіз, қолдаушы және өзара құрметке негізделген орта қалыптастыруға бағытталған отандық «ДосболLIKE» профилактикалық бағдарламасы енгізіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бағдарлама балалардың әл-ауқаты индексінің қағидаттары мен халықаралық және отандық нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және буллингке қарсы күрестегі үздік халықаралық тәжірибелерге сүйенеді.

Бағдарламаның апробациясы еліміздің 9 өңіріндегі 50 мектепте жүргізіліп, буллингтің алдын алу жүйелері құрылды. Апробация нәтижесінде ең тиімді тәжірибелер Астана, Алматы қалалары мен Абай, Жамбыл облыстарының мектептерінде байқалды.

Аталған мектептерде шағым → талдау → көмек жоспары → қадағалау үлгісі сәтті қолданылды. Бұл процесте арнайы антибуллингтік топтар мен кейінгі бақылау шаралары іске қосылды.

«Біз «ДосболLIKE» бағдарламасын буллингтің алдын алудағы тұрақты құрал ретінде қарастырамыз. Апробация нәтижелері көрсеткендей, мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың бірлескен қатысу жанжалдасу деңгейін төмендетіп, сенім мен сыйластық мәдениетін қалыптастырады және мектеп ортасын анағұрлым қауіпсіз әрі қолайлы етеді», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Бағдарлама аясында мамандарды ауқымды даярлау көзделген. Қазірдің өзінде 2,5 мыңнан астам педагог, психолог және білім беру жүйесінің қызметкерлері оқытылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 8 мыңнан астам маманға жеткізу жоспарланып отыр.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар