....

....

бейсенбі, 22 ақпан, 2024 11:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

10 қарашада бірнеше өңірде нөсер жаңбыр жауып, көктайғақ болады

10 қарашада бірнеше өңірде нөсер жаңбыр жауып, көктайғақ болады
ашық дереккөзі
10 қарашада бірнеше өңірде нөсер жаңбыр жауып, көктайғақ болады
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Алматыда түнде және таңертен тұман күтіледі. Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Атырау облысында оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Астанада 10 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкентте тұман.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар