16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
- авторjambylinfo.kz
- 16 наурыз, 2024
- 1.3k

Қазақ халқы - ежелден салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне ерекше мән берген. Халқымыздың салт-дәстүрі бүтін елдің, ағайын, туған-туыс, көршілер арасында жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына және ынтымақтастықта өмір сүруіне жол ашқан.
Ата-баба салт-дәстүрін жалғастыру мақсатында таңертеңнен бастап облыс орталығы және аудандық мәдениет үйлерінде Ұлттық салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттау, өскелең ұрпаққа дәріптеу жолында дәстүрлі іс-шаралар өтіп жатыр.
Сондай-ақ, бүгін білім беру ұйымдарында мерекелік марафон – халықтың кең тараған салт-дәстүрлерінің көрсетілімдері, кинотеатрларда ұлттық кино апталығы өтеді деп жоспарланған.
Бұған қоса, білім беру мекемелерінде «Наурыз нақыштары» атты облыстағы қолөнер шебелерінің көрмелері ұйымдастырылатын болады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Қазақстанның табиғи байлығы қанша жылға жетеді?
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 ақпан, 2025