Жаңалықтар
17 ата-ана жауапқа тартылды: Алматы облысында оқушылар жаппай төбелесті
- авторjambylinfo.kz
- 4 желтоқсан, 2023
- 210
17 ата-ана жауапқа тартылды: Алматы облысында оқушылар жаппай төбелесті
Алматы облысы Іле ауданы Жәпек батыр ауылында 29 қарашада мектеп оқушылары жаппай төбелескен, деп хабарлайды Жамбылинфо KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.
Оқушылардың төбелескен видеосы әлеуметтік желіде тарады.
"Тексеру барысында 9-сынып оқушысы мен 2007 жылғы 10-сынып оқушысы арасында келіспеушілік туындап, кейіннен жаппай төбелеске ұласқаны анықталды", - дейді ведомство.
Қажетті тергеу әрекеттері басталды. Қазіргі күні оқушылармен психологтар жұмыс істеп жатыр.
"Сонымен қатар төбелескен жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127, 435-баптары бойынша 17 әкімшілік хаттама толтырылды. Ал 4 оқушы жансақтау бөліміне түсті деген ақпарат жалған. Балалардың барлығы дін-аман, үйінде", - дейді ПД баспасөз қызметі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024