Жаңалықтар
"17 жолаушы болған": Қарағанды облысында қатты желден автобус аударылып қалды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 12:18
- 23
Оқиға бүгін сағат 9 шамасында болды
Бүгін таңертең Қарағанды облысындағы тас жолда ішінде жолаушылар мінген автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Төтенше жағдай 21 қаңтар күні таңғы 9 шамасында Бастау – Ақтау – Теміртау тасжолында болды. №84 бағыттағы автобус Ботақара-Қарағанды бағытында келе жатып, бір сәтте аударылып, жолдан шығып кеткен.
«Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға қатты жел себеп болған, соның салдарынан автобус орнықтылығын жоғалтып, бір шетке аударылып кеткен. Оқиға кезінде салонда 17 жолаушы болған», - деп хабарлады облыстық полиция.
Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полицейлер оларға көмекке келіп, адамдарды құтқарып, үйлеріне жеткізді.