17 жыл бойы құлдықта болған әпкелі-сіңлілер бір жылда адам танымастай өзгерді
- авторjambylinfo.kz
- 27 қыркүйек, 2024
- 236
«Көреміз» бағдарламасының жүргізушісі Руслан Өтепбай Түркістан облысында 17 жыл бойы туған ағасында құлдықта болған әпкелі-сіңлі Құндыз бен Назгүлдің бүгінгі таңдағы тыныс-тіргшілігін көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Достар, естеріңізде ме, бұл қыздар бізге келгенде қандай еді? Бір жылда қалай өзгерді? Құндыз бен Назгүлдің өзгерісіне баға беріп жіберіңіздерші. Күтім мен мейірім болса, жайқалмайтын қыз жоқ бұл әлемде..." – деп жазды Руслан Өтепбай.
Еске салайық, осыдан бір жыл бұрын Түркістан облысында бір анадан туған қыздар ұзақ уақыт бойы туысқандарының қолында еңбек құлдығында анықталған. Қоғамды дүр сілкіндірген оқиға республикалық телеарна арқылы елге көрсетілген. Міне содан бері әпкелі-сіңлілерді Руслан Өтепбай өз қамқорлығына алған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз