жұма, 21 наурыз, 2025 8:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

18 жылға сотталған Кәрім Мәсімовтың үйі сатылымға шығарылды

18 жылға сотталған Кәрім Мәсімовтың үйі сатылымға шығарылды
Jambylinfo.kz
Кәрімов Мәсімовтің үйі 1,8 млрд теңгеге сатылымға қойылды

Астанада бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі болған тұрғын үй аукционға шығарылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Фотосуреттерге қарағанда, бұл үй бұрын оған тиесілі болған. Нысан Нұра ауданындағы Ерейментау 1 мекенжайындағы орналасқан.

Үйдің бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге,  кепілдік жарна – 117,9 млн теңге, аукцион күні – 25 ақпан, 10:00. 

Бұл үй 2022 жылы Мәсімовке қатысты тергеу барысында анықталған. ҰҚК сараптамасы кезінде заңсыз иелену белгілері бар жылжымайтын мүлік табылған.

 Еске салайық, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қамауға алынған болатын. Сот оны мемлекетке опасыздық жасау, билікті басып алуға әрекеттену және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану айыптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айырды. Апелляция үкімі өзгеріссіз қалдырды.

2024 жылы Мәсімов рақымшылық сұрағанымен, Президент оның өтінішін қанағаттандырмады.

Енді бұрынғы ҰҚК төрағасының мүлкі активтерді қайтару аясында ашық аукцион арқылы сатылуда.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар