2 тамызда eGov пен басқа мемлекеттік сервистер уақытша қолжетімсіз болады
- авторСадуақас Айсұлу
- 1 тамыз, 2025
- 514
2 тамыз сағат 02:00-ден сағат 06:00-ге дейін кейбір мемлекеттік электронды сервистердің жұмысы шектеледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Компания мәліметінше, бұл жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты.
"Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 2 тамыз сағат 02:00-ден сағат 06:00-ге дейін жүргізіледі. Бұл уақыт аралығы пайдаланушылардың белсенділігі ең төмен кез екені ескеріле отырып таңдалды, бұл қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:
eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы ("Цифрлық құжаттар" сервисін қоса алғанда);
e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;
"ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.
Осыған байланысты "ҰАТ" АҚ барлық қажетті операцияны алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжат көрсету қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынады.
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






