Ақша үшін сүйіктісін өлтіріп, тонаған әскери қызметші 11 жылға сотталды
- авторjambylinfo.kz
- 13 сәуір, 2024
- 639
Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,
күдікті сүйіктісіне 200 мың теңге несие алып беруін сұраған. Бірақ жәбірленуші оның бұл өтінішін орындаудан бас тартқан. Салдарынан, жігіт оны жастықпен тұншықтырып өлтіріп, денесін су толтырылған ваннаға салып кеткен.
«Күдікті марқұмның алтын бұйымдарын, айфон телефонын және 180 мың теңгесі салынған әмиян, құжаттар мен банк картасын алып кеткен»,
– деп жазылған хабарламада.
Сот шешімі бойынша күдікті қылмыскер ретінде танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған.
Сейділдаева Айнура
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз