жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 20:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

200-ге жуық есірткі қылмысы анықталды

200-ге жуық есірткі қылмысы анықталды
ашық дереккөзі
200-ге жуық есірткі қылмысы анықталды
Жамбылдық полицейлер есірткі қылмысына қарсы белсенді күрес жүргізуде. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 196 есірткі қылмысы анықтады. Оның ішінде, есірткі өткізудің 39, аса ірі мөлшерде сақтаудың 19, есірткі құралдарының контрабандасының 4, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірудің 1, қылмыстық теріс қылықтардың 133 дерегі белгілі болды. «Заңсыз айналымнан 114 келі түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 40 келі марихуана, 73 келіден астам гашиш, 570 грамнан астам героин және 10 грамм синтетикалық есірткі құралдары алынды», - деп қорытындылады Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Дінмұхамбет Қойториев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар