дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 4:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

2023 жылы Жамбыл облысы 201,2 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды

2023 жылы Жамбыл облысы 201,2 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды
ашық дереккөз
Жамбыл облысы 2022 жылы 201,1 мың гектар, 2023 жылы 201,2 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды, яғни жоспар 101 пайызға артығымен орындады. Ал биылғы жоспар бойынша 80,0 мың гектар жерді қайтару бекітіліп, төрт айдың қорытындысымен 22,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қайтарылған жерлерді өңірдің экономикасын дамыту мақсатында және жерлердің бос қалмауы ескеріліп, қайта айналымға енгізілуде. Қайтарылған егістік жерлер конкурс арқылы халықтың сұранысымен табысталады. Өткен жылы жалпы 16 конкурс ұйымдастырылып, 66,1 мың гектар, оның ішінде егістігі – 7,2 мың гектар, жайылымы 58,4 мың гектар айналымға қосылды. Биыл Талас ауданында 87,0 гектар егістік қайта айналымға тартылған. Ал кәсіпкерлік мақсатта 68 жер учаскесі аукционға шығарылып, 164,9 миллион теңгеге бағаланып сатылған.

Жамбыл облысында мал басын жайып бағуға болатын ауылшаруашылығы мақсатындағы – 3,6 миллион гектар жер бар. Оның 741 мың гектары елді мекендерге, 1,7 миллион гектары орман қоры жеріне жатады. Ал босалқы жер қорында 942,5 мың гектар жайылым жерлер бар. Бұл облыс аумағының 58,2 пайызына тиесілі.

Айта кету керек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «бос жатқан жайылым жерді қайтаруды және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді қамтамасыз ету керек» деген тапсырмасының аясында «AMANAT» партиясының жанынан «Жер аманаты» жобасы қолға алынып, арнайы комиссия құрылған болатын. Содан бері әр аймақ бойынша мемлекет меншігіне 5 миллионнан аса гектар жер қайтарылды. Жоба Президенттің тапсырмасы аясында игерілмеген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару үшін басталған еді. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар