дүйсенбі, 14 қазан, 2024 14:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2023 жылы Жамбыл облысы мен Германияның тауар айналымы 11,1 млн доллар болды

2023 жылы Жамбыл облысы мен Германияның тауар айналымы 11,1 млн доллар болды
ашық дереккөз
2023 жылы Жамбыл облысы мен Германияның тауар айналымы 11,1 млн доллар болып, 2022 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға артты, оның ішінде экспорт 19%-ға, импорт 2,3 %-ға өсті. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Моника Иверсен бастаған делегациямен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Кездесуге Германияның ірі компанияларының өкілдері де қатысты.

Тараптар өңдеу өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарларын талқылады.
Ербол Қарашөкеев жергілікті атқарушы органдар неміс кәсіпкерлеріне инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде Моника Иверсен Қазақстан мен Германия аймақтарын түрлі салалардағы, оның ішінде Жамбыл облысы бойынша көпжылдық тығыз ынтымақтастық байланыстыратынын атап өтті.
Жамбыл облысының Германиямен тауар айналымы 2023 жылы 11,1 млн АҚШ долларын құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға артты, оның ішінде экспорт 19%-ға, импорт 2,3 %-ға өсті.

Делегация өкілдері түрлі салалардағы жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты. 
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұл басқосу екі елдің іскер топтарының ынтымақтастығын одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Айта кету керек, Мемлекет басшысынҚазақстанның экономикалық моделі экспортты экономикалық дамудың маңызды факторы ретінде қарастыратынын айтқан еді.

“Еліміздің өңдеу өнеркәсібінің қосымша экспорттық әлеуеті 10 миллиард долларға, сондай-ақ, қызмет көрсету саласындағы экспорттық әлеуеті де 10 миллиард долларға бағаланады. Шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемін 2025 жылға қарай 41 миллиард долларға дейін арттыру орта мерзімдегі мақсат саналады», деген еді Тоқаев.  

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар