....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 4:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«2024 ЖЫЛДА ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ»: ТАРАЗДЫҚ НУМЕРОЛОГ БОЛЖАМ ЖАСАДЫ

«2024 ЖЫЛДА ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ»: ТАРАЗДЫҚ НУМЕРОЛОГ БОЛЖАМ ЖАСАДЫ
ашық дереккөзі
«2024 ЖЫЛДА ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ»: ТАРАЗДЫҚ НУМЕРОЛОГ БОЛЖАМ ЖАСАДЫ
Тараздық нумеролог Айнұр Асылова Жамбылинфо ақпарат агенттігіне 2024 жылға арналған өзінің нумерологиялық болжамымен бөлісті.  

МҮМКІНДІКТЕР ЖЫЛЫ

«Жалпы келер жылдың саны – 8. Сегіз дегеніміз мүмкіндіктер жылы. Шексіздік белгісі. Көптеген адамдар өзінің қаржылық жағдайын жақсартады. Жаңа ұлу жылында жеке кәсіпкерлер көп пайда болады. Біраз адамдар бойындағы потенциалын ашады»,- дейді нумеролог.
 

ҚИЫНДЫҚТАР ДА АЙНАЛЫП ӨТПЕЙДІ

 
«Таяқтың екі ұшы бар демекші, бұл жылдың да өз қиындықтары бар. Нумерологиялық ғылымда 2024 жыл «карма жылы» болып есептеледі. Әсіресе заңмен, құжаттармен жұмыс істейтін адамдарға қиындықтар туғызуы мүмкін»,-дейді.
 

ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ

"Дегенмен, ұлу жылы құрғақшылық болмайды. Су жеткілікті болады.  Ұлу жануары өзі жайлы болғандықтан, жыл да сондай жайлы болады"

Жаңа айтып өткенімдей, ұлу жылы «карма» жылы. Яғни, осы уақытқа дейін адамдар қандай жақсылық жасады, немесе керісінше жамандық жасаса, соның бәрі өзіне қайтатын жыл.  2024-те кез-келген тірлікте барынша шынайы, адал болыңыздар. Себебі, бұл жылы жасаған қулық, арамдықтың бірден арты ашылып отырады, - деп түйіндеді  нумеролог Айнұр Асылова.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар