Жаңалықтар
2024 жылы елімізде балаларды балабақшаға кезекке қою үшін Бірыңғай деректер базасы іске қосылады.
- авторjambylinfo.kz
- 20 қазан, 2023
- 846
2024 жылы елімізде балаларды балабақшаға кезекке қою үшін Бірыңғай деректер базасы іске қосылады.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Бірыңғай деректер базасы – ата-аналарға ыңғайлы болу үшін және мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлудің толық ашықтығын қамтамасыз ету үшін жасалған.
Атап айтқанда, Egov.kz мемлекеттік порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы баланы кезекке қою үшін бірден 4 балабақшаға дейін таңдап, кейін онлайн режимде берілген өтініштің мәртебесін бақылауға болады.
Мекемелердің бірінде орын бола қалған жағдайда дереу ата-анаға хабарланады.
Жалпы балабақша таңдаудан бастап, келісімшарт жасасуға дейінгі барлық рәсім электронды форматта өтеді.
Бірыңғай деректер базасын іске қосу 2024 жылғы қаңтарға жоспарланған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстандықтар жаппай жалған алтын тағып жүр
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жеке клиникада МӘМС бойынша медициналық қызметтерді қалай алуға болады?
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025






