Жаңалықтар
2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 қараша, 2024
- 451
Қорғаныс министрлігі ҚР Үкіметінің «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысының жобасын дайындады.
Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 20 қарашадағы "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Zakon.kz. сілтеме жасап.
"Заңда белгіленген тәртіппен 2025 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарға шақырылсын," — делінген құжатта.
Барлығы 915 адам шақырылады, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары – 700 адам;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131 адам;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі – 4.
Қаулы 2024 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024