2026 жылғы қаңтардан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға өзгерістер күшіне енді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Соған сәйкес, жарналар мен аударымдар есептелетін шекті табыс мөлшері өзгерді. Ал мөлшерлемелер бұрынғыдай сақталды.
Жұмыс берушілердің аударымдары – қызметкер табысының 3%-ы
Аударымның ең жоғары мөлшері – айына 102 000 теңгеге дейін
Қызметкерлердің және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы
Ең жоғары жарна – айына 34 000 теңгеге дейін
Жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – айына 5 950 теңге (1,4 ЕТЖ 5%)
Дербес төлеушілердің жарналары – айына 4 250 теңге (ЕТЖ 5%)
Жеке кәсіпкерлер мен дербес төлеушілердің жарналарын есептеу үшін ең төменгі жалақы қолданылады. 2026 жылы оның мөлшері – 85 000 теңге
МӘМС жарналарын төлеу жолдары:
«Қазпошта» АҚ кассаларында
екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшаларында
төлем терминалдары арқылы
МӘМС – күтпеген медициналық шығыннан қорғайды.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда “Жасанды интеллект туралы“ жаңа заң күшіне енді
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қаңтар, 2026





