дүйсенбі, 29 желтоқсан, 2025 20:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

240 мың педагог жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын меңгерді

240 мың педагог жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын меңгерді
Фото: Үкімет
Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді.

Қазақстанда мұғалімдерге әкімшілік жүктемені азайту үшін оқу процесіне жасанды интеллект құралдарын жүйелі енгізу басталды. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЖИ-ді экономика мен әлеуметтік салаға интеграциялау бойынша 240 мыңнан астам педагог промпт-инжиниринг дағдылары негізінде білім алғанын атап өтті.

«Жасанды интеллект ұстазды алмастырушы емес, оның көмекшісі. Біздің міндетіміз — педагогтерге күнделікті жүктемені азайту үшін ЖИ-ді енгізу»,  — деді Асылбек Ахметжанов баспасөз мәслихатында.

«Келешек мектептері» жобасы негізінде ЖИ-репетитор, ЖИ-емтихан алушы тестіленуде. Осы шешімдерді қауіпсіз кеңейту үшін Министрлік «QazTech» мемлекеттік платформасында барлық білім беру деректерін шоғырландыруды аяқтайды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар