250 млн теңге: "Ақтөбе" футбол клубында жымқыру фактісі анықталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 сәуір, 2025
- 172

Облыс прокуратурасы "Заң және Тәртіп" тұжырымдамасы шеңберінде Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша Ақтөбе футбол клубы қызметі тексерілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz zakon.kz сілтеме жасап
2025 жылдың 30 сәуірінде Ақтөбе облысының прокуратурасы берген ақпаратқа сай, 250 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Оның ішінде ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді мәміле жасау.
Сондай-ақ, ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражат клуб қызметкерлерімен жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.
Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.