Жаңалықтар
28 мың қазақстандық көлігін заңдастыруға рұқсат алды
- авторjambylinfo.kz
- 30 қаңтар, 2023
- 436
28 мың қазақстандық көлігін заңдастыруға рұқсат алды
Бүгінде 28 мың қазақстандық көлігін заңдастыруға рұқсат алды. 5500 көлік иесі тиісті құжаты мен нөмірін алып үлгерді.
Бұл туралы ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.
Азаматтар ХҚО мен «электрондық үкімет» порталынан басқа, банктердің бірінің өтінішінде автокөлікті заңдастыруға өтініш бере алады.
«Ол үшін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде «Шетелдік көлікті заңдастыру» тармағын таңдап, бұрынғы иесі туралы барлық деректі және автокөлік дерегін толтыру қажет. Өтінішке қол қойылғаннан кейін ол алдын ала тексеру үшін Ішкі істер министрлігіне жіберіледі. Нәтижесі өтініш берушіге push-хабарлама түрінде жіберіледі», – деді ІІМ ресми өкілі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






