жексенбі, 26 мамыр, 2024 14:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

28 жыл бұрын әскерде жоғалып кеткен жігіт Атырау өңірінде анасымен қауышты

28 жыл бұрын әскерде жоғалып кеткен жігіт Атырау өңірінде анасымен қауышты
Видеокадр
Бейбіт Қозыбаевтың қалайша жоғалғаны, не үшін осы уақытқа дейін оралмағаны жазылмаған

1996 жылы күзде әскерге кетіп оралмаған Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылының 1977 жылы туған тұрғыны Бейбіт Қозыбаевтың 28 жылдан кейін аман-есен табылған. Таяуда анасы Маржан Қозыбаева туған ұлымен осынша жылдан кейін аман-есен қауышты. Атырау газеті ақпаратын atpress.kz инстаграм-парақшасы таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

«Маржан апайдың бұл күнге де жетіп, туған ұлын құшақтап, сағынышын басқанын көзіміз көрді. Аудандық әскери комиссариатына келіп, баласын сұрап егілген ананың талай қиналғаннан есінен танып қалғанын да көргенбіз. Сол кездері оны не деп жұбатарымызды білмей, біз де қиналып қалушы едік. Бүгін міне, 28 жылдан кейін бауыр еті баласымен қауышқан ана үшін біздің де көңіліміз жай тапқандай болды, – дейді Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты, қорғаныс саласының ардагері Есенбай Нұров.

Бейбіт Қозыбаевтың қалайша жоғалғаны, не үшін осы уақытқа дейін оралмағаны жазылмаған. Алайда 2013 жылы Лада.кз ол жайлы мынадай жаңалық жариялаған.

«16 жыл бұрын Ақтау бөлімінен қашып кеткен сарбазды әлі де әскери полиция іздеуде. ҚР ҰҚК Ақтау гарнизоны бойынша әскери полиция басқармасында хабарлағандай, ведомство ҚР ҚК 372-бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін (бөлімді өз еркімен тастап кеткені) 10070 ә/б мерзімді қызметтің әскери қызметшісі 1977 жылы туған матрос Қозыбаев Бейбіт Алтайұлы іздеуде. Сарбаз Жасқайрат ауылының Қызылқоға ауданы Атырау облысының тумасы. Ол 1997 жылдың 9 қыркүйегінде жоғалған, осы уақытқа дейін оның орналасқан жерін анықтау мүмкін болмады. Қазіргі уақытта Қозыбаев мемлекетаралық іздеуде, оған қатысты бұлтартпау шарасы - қамауға алу», - делінген материалда.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар