Жаңалықтар
"3 байға шығып, жұртқа ақыл айтады". Қалдыбек Құрманәлі психологтардың жүйкесін тексеру керек дейді
- авторjambylinfo.kz
- 4 желтоқсан, 2023
- 243
"3 байға шығып, жұртқа ақыл айтады". Қалдыбек Құрманәлі психологтардың жүйкесін тексеру керек дейді
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қалдыбек Құрманәлі "Сұрауы бар" арнасында қоғамда трендке айналған психологтар туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қалдыбек Құрманәлі 3 байға шығып, жұртқа ақыл айтатын психологтардың жүйкесін тексеру керек деп есептейді.
Бүгінде өзі 3 байға шығып, отбасы құндылықтары туралы айтатын психологтар шықты. «Сен күйеуіңнің киімін жума, тамақ істеп беме, өзі істесін, сен өзіңді күт, сен - тұлғасың» дегенге ақша төлеп, қатысады екен. Зейнеп Ахметова сияқты қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары туралы әңгіме айтып отырса, түсінер едім. Көргені бар, атақты Бауыржан Момышұлының келіні. Сондай Аягүл Миразова секілді адамдар ұлт төңірегінде әңгіме айтып отырса мен түсінер едім. Мыналардың жұрт білетін 3 байы бар, құдай, тілім жазықты болмасын, сөйте тұра отбасы құндылықтарын айтады. Айналайын-ау, жүрегімді айнытпаңдаршы дейммін. Ондай психологтардың өзінің психикасын тексеру керек, жүйкесі ауыратын аурухана бар ғой. Сонда барып, бір тексеріп алу керек, - деді Қалдыбек Құрманәлі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024