Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Қазгидрометке сілтеме жасап
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Тек ҚР-ның батысында, оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР бойынша тұман күтіледі, күндіз елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады,- деп хабарлады Қазгидромет
Елордада ауа температурасы күндіз -11, аздаған қар, жел секундына 1-3 метр болады.
Алматыда -1, сондай-ақ аздаған қар жауады, жел секундына 2-3 метр.
Таразда ауа райы Алматыдағыдай болады-ауа температурасы -1 -2, жауын-шашын болмайды. Жел-секундына 3-4 метр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз