3 жыл бұрын адам атып, қашып кеткен күдікті ұсталды
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері кісі өлтіруге оқталып, үш жылдан астам уақыт жасырынған қашқынды ұстады.
2017 жылдың қазан айында Жуалы аудандық орталық ауруханасы аудандық полиция бөліміне оқтан жараланған 30 жастағы Қошқар ата ауылының тұрғынын стационарға жеткізілгені туралы хабарлаған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа оқталу) бойынша тіркелді.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен тергеуден қашып жүрген 30 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Бірқатар сараптама жүргізіліп, дәлелді айғақ алынғаннан кейін сот оған қамауға алу шарасын тағайындады. Сол жылдың 22 қарашасында оған іздеу жарияланған», - делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Үш жылдан астам уақыт бойы күдікті қудалаудан жасырынып келді. 29 наурызда Жамбыл облысының полицейлері жедел ақпарат алғаннан кейін іздестірілуде жүрген адамды Шымкент қаласында қолға түсірді. Қазіргі уақытта ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Астанада дүкендердің бірінде газ баллоны жарылып, өрт шықты
- авторjambylinfo.kz
- 16 қараша, 2024
Жаңалықтар
Көмекке жиналған қаражатты жымқырған Перизат Қайрат екі айға қамалды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қараша, 2024