жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«300 жұмыс орны құрылады»: Жамбылда түркиялық инвесторлар ауқымды жобаны қолға алды

«300 жұмыс орны құрылады»: Жамбылда түркиялық инвесторлар ауқымды жобаны қолға алды
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Олар Сарысу ауданында зауыт салып жатыр

Сарысу ауданында түркиялық инвесторлар сода өндіру жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, кәсіпорынның құрылысы 2021 жылдың қыркүйегінде басталған. Құны 144 млрд теңгені құрайтын зауытқа  Түркиядан келген компания инвестиция салып жатыр.

Алдын ала болжам бойынша өндіріс қуаттылығы жылына 500 мың тонна дайын өнімге жетуі тиіс. Болашақта кәсіпорынның өнімділігі жылына 1,2 млн тоннаға дейін ұлғаюы, сондай-ақ тағы 11 түрлі тауар шығаруды жолға қоюы мүмкін. Олар тек ішкі нарыққа ғана емес, көрші елдерге де жеткізілмек.

Сонымен қатар, онда 300 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Жоба 2020-2026 жылдар аралығында іске асырылмақ. Бұған дейін зауыт Қазақстанда кальцилендірілген сода өндірісі бойынша бірінші болады деп хабарланған.

 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар