Жаңалықтар
4 пайыздық жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау 16 мамырда басталады
- авторjambylinfo.kz
- 13 мамыр, 2022
- 234
4 пайыздық жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау 16 мамырда басталады
Банктер 16 мамырдан бастап жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдай бастайды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты.
⠀
Көлік жасаушылардың халықаралық форум кулуарында Скляр банктер корпоративтік рәсімдерді жүргізіп жатқанын хабарлады.
⠀
"Өнеркәсіпті дамыту қоры олармен қажет келісімдерді жасады. Олар өз рәсімдерін өткізіп, дүйсенбіден бастап несие бере бастайды", - деді Скляр.
⠀
Премьер-министрдің бірінші орынбасары екінші деңгейдегі бес банк несиелендірумен айналысатынын айтты.
⠀
"Қателеспесем, бұрын кредит берген екінші деңгейдегі бес банк. Кредит беру бағдарламасы қазір де барын атап өткім келеді. Револьверлік негізде қазір де айналымда 88 миллиард теңге бар. Бұл бағдарлама кейінгі бес жылдан бері бар, біз тағы да 100 миллиард теңге қосып отырмыз, олар ӨКМ-нен өтеді", - деді Роман Скляр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала