жұма, 26 желтоқсан, 2025 16:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

403 педагог республикалық кадр резервіне қабылданды

403 педагог республикалық кадр резервіне қабылданды
Фото: gov.kz
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

2025 жылы «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында 403 педагог республикалық кадр резервіне қабылданды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл білім беру жүйесінде басқарушылық әлеуетті күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.

Аталған жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2023 жылдан бері іске асырылып келеді. Президенттік жастар кадрлық резерві үлгісінде жүзеге асырылатын бастаманың басты мақсаты – білім беру жүйесін жаңғыртуға, басқару тиімділігін арттыруға нақты өзгерістер енгізе алатын жаңа буын көшбасшыларын даярлау.

Іріктеуден өткен педагогтер мен мектеп директорларының орынбасарлары үш деңгейлі оқыту бағдарламасынан өтті. Бағдарламаны сәтті аяқтаған қатысушылар кадрлық резервке еніп, бос басшылық лауазымдарға конкурстық рәсімдерден өтпей-ақ тағайындалу құқығына ие болды.

Жоба іске асырылған үш жылы ішінде жалпы саны 986 маман кадрлық резервке қабылданды. 2023-2024 жылдары 583 педагог резервист атанып, олардың 419-ы немесе 71 пайызы басшылық лауазымдарға тағайындалды. Оның ішінде 41 директор «Келешек мектептерін» басқаруда. Нәтижесінде еліміздегі мектеп директорларының тапшылығы үш есеге қысқарды.

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы білім беру саласындағы кадрлық саясатты жаңғыртып, басқарудың тиімді моделін қалыптастыруға және сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар